Қорықпаймын өлімнен. Қорқамын жалғыз қалудан, Бақыттың бейнесін суреттеп жалғыз салудан. Басты кейіпкерім менің мелодрамамның, Ғайып болдың сен бейнесіндей жалғанның. Тағдырдың маған жазған. Алынбас биік шыңы. Қанша мұң силасаңда көрінесің тым жылы, Мен өзіңе ғашықпын. Бұл анық ақиқат, Ыстық лебізбенен бұл әуен саған арналады. Бүкіл менің өмірім, Арналады тек саған. Ұсташы қолымнан, Қайта оралшы сен маған. Мүмкін емес білем, Қолымды кеш сербедим. Алданып жас баладай, Қиялданып сенемін. Өмірлік театр, Тағдырым өте зұлым. Махаббат қойды мемен түрлі қойлым, Қайғылы пьеса. Соңында күткен өлім, Мағанда жетті. Бітті ең соңғы бөлім, Жүрегім үзілді, тіршілігін тоқтатты. Тек сені іздеп,тек өзіңді жоқтатты. Терезе тұсында ойнаған мұңды әуен, Кейде сенем, сенімсіз бір үмітке. Жылатсаңда менің, есімім тіршілікте, Қаладым өзіңді қырсық жанды аруым. Қажеті шамалы өткенді еске салудың, Бір күндік өміріммен,өтті сенің ғұмырың. Жүрегің жас салып,қанша құлап жығылды. Қинадың мені,қинау сенің кәсібің. Жылады рухым, сырт көздерден жасырынып.

Теги других блогов: любовь поэзия трагедия